Құқық қорғау органдары

Лицензиясы жоқ 453 литр алкогольдік өнім тәркіленді

Петропавлдық полицейлер лицензиясы жоқ 453 литр алкагольдік ішімдік тәркіледі. Жұмысшы кентінде сақталған өнімнің басым бөлігі – сыра.
Мұншама көлемдегі ащы су Украинская көшесі бойындағы дүкендердің бірінен алынған. Ережені елемеген кәсіпкер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы бойынша жауапқа тартылды. Ал, Интернационал мен Воровской көшелерінде орналасқан сауда нүктелерінде спирттік тауарды сату қағидалары бұзылған. Қос жағдайға қатысты да әкімшілік іс қозғалды.
Жалпы, жыл басынан бері Петропавлда алкагольдік сусындарды заңға қайшы жолмен саудалаған 22 тұлға анықталған. Олардың барлығы жазаланыпты. Ал, заңсыз айналымнан алынған өнімнің жалпы көлемі 4 тонна 360 литрді құрайды.

Маржан Касымбек