МТРА жаңалықтары

Петропавлда той өткізген 4 бірдей мейрамхана анықталды

Құда күткен мына тойшыл қауым полиция қызметкерлерін күтпегені айдан анық. Демалыс күндері мамандар дәл осылай 4 тойдың үстінен түсіп, мерекені тоқтатқан. Салтанатты дастархан Мағжан Жұмабаев, Батыр Баян және Аяған Шәжімбаев көшелерінде орналасқан мейрамханаларда жайылыпты. Ереже – ортақ, талап – қатал. Тойхана иелерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, материал жинақталды.

Азат Ибраев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

– Мониторингтік топтардың негізгі жұмысы – карантин талаптарының бұзылуын анықтықтау. Бұл іс-шара әкімдік және полиция қызметкерлерімен жүргізіледі. 72 адамға арналған іс-шара тоқтатылды. Ресторанның әкімшілігіне және іс-шараның иесіне әкімшілік материал жиналды және ол санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне жіберіледі.

Нақты шешімді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі қабылдайды. Яғни, аталған ұйым жеке және заңды тұлғаларға айыппұл салады. Тұрақсыз эпидахуалға байланысты мамандар адам көп жиналатын шаралардан бас тартуға шақырады. Жалпы, жыл басынан бері мониторингтік топ облыс аумағында 1 мыңнан астам құқықбұзушылықты анықтаған екен. Ал, соңғы бір айдың ішінде 76 факті тіркелген. Кенеттен тыс рейдтер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Алдияр Айтпаев