Көлік және жолдар

Көлік шамдарын ауыстыру ережесі

Көлік шамдары мен жарқылдақтарын тек сертификатталған арнайы техникалық құралдармен ғана ауыстыру қажет. Ереже еленбесе, жүргізушілерге айыппұл салынады.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, соңғы уақытта темір тұлпарларына сай емес шам мен жарқылдатқыш қондырғылар қоятын жандардың саны артқан. Ал, мұның салдарынан жол-көлік апаты орын алуы мүмкін. Машиналар жаяу жүргіншілерді де соғуы ықтимал. Сондықтан тәртіп сақшылары автомобиль иелерін айыппұлмен жазаламақ. Оның көлемі 43 755 теңгені құрайды.

Маржан Касымбек