ТЖ

Мал азығын үйден алыс жерге үю керек

Қазір ауылдағы ағайын мал азығын дайындап, қысқа қамдануға. Осы орайда Төтенше жағдай департаментінің мамандары қауіпсіздік ережелерін естен шығармауға шақырады. Сөздерінше, жем-шөпті үйден, қорадан алыс жерге үю керек. Себебі, ойда-жоқта от шығып, адам өміріне қауіп төнуі мүмкін.
Кеше Шал ақын ауданына қарасты Бірлік ауылында осыған ұқсас өрт орын алды. Аталған елді мекенде жинаулы тұрған шөп отқа оранып, қасындағы қора жанып кетті. Қызыл жалынның салдарынан 21 тоннадан астам азық жарамсыз болып қалды. Қуанышқа орай, ешкім зардап шекпеді. Мұнда тілсіз жау электр сымдарының қысқа тұйықталуынан пайда болған.

Дмитрий Растихин, СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:

– Жем-жөпті үйген кезде темекі шегіп, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізбеу қажет. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникаларының түтігін ұшқын бәсеңдеткіш қондырғымен жабдықтау маңызды. Азықты мал қораға немесе үйге жақын жерде үюге болмайды. Шөп кем дегенде 15 метр қашықтықта үйілуі қажет және оны темір тормен қоршап қойған абзал.

Бердимурат Баймухан