Облыс әкімі спортшы ұл-қыздармен жүздесті

Аптадағы маңызды жаңалықтар

23:26 13 Тамыз 2021

1 күнде қаламыздағы Александр Винокуров спорт сарайында 1 мыңға жуық адам жаттығады. Мұнда олимпиадалық спорт түрлері бойынша бірнеше секция құрылған. Бұл үйірмелерде шынығатын балалар түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, облысымыздың намысын абыроймен қорғап жүр. Олардың арасында көркем гимнастикамен айналысатын қыздар да бар.

Сергей Мелехов, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

– Бұл – хореография және көркем гимнастика кабинеті. Мұнда қыздар 4 жастан бастап келеді. Бұдан бөлек үлкен залымыз да бар. Жалпы, қазіргі күні облысымызда көркем гимнастикамен 500-ден аса бала айналысады. Спортшыларымыз сенімді ақтауда. Олай деуімізге себеп, 4 адамнан құралған қыздар тобы Қазақстан чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды.

Еркін күрестен де жас өрендіріміз қарсыластарына дес берер емес. Арис Харачиди есімді балақай – ел біріншілігінің 3 дүркін чемпионы. Жасы небәрі – 10-да. Спортқа осыдан 4 жыл бұрын келген. Айта кетейік, дәл осы жерде Азия чемпионы, әлемдік доданың күміс жүлдегері Нұрқожа Қайпанов та тәлім алған.

Арис Харачиди, «Олимп» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі:

– Менің көп кубок пен медаль еншіледім. Осында күніне 2 рет келіп жаттығамын. Болашақта олимпиадаға барғым келеді. Жақында Ақтау қаласында болып, чемпион атандым. 44 келі салмақта 5 адаммен күрестім. Ешкімге есе жібермедім, олар менімен күрескенде бірде-бір ұпай еншілей алмады.

Облысымыздың дене шынықтыру саласына бөлініп жатқан қаражаттың көлемі жыл сайын артып келеді. Соңғы 3 жылдың ішінде сомма 2 млрд теңгеге ұлғайған. Қазіргі көрсеткіш 7,2 млрд теңгені құрайды. Аталған қаржыға жаңа спорт нысандары бой көтеріп, түрлі үйірмелер ашылуда.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Облыс тұрғындарының 33 пайызы жүйелі түрде спортпен айналысады. Ол үшін аймағымызда 3 мыңға жуық спорт объектісі бар. Жыл басынан бері 2 жаңа нысан іске қосылды. Олар Шал ақын мен Тайынша аудандарының орталықтарында орналасқан. Тағы, 8 спорт ғимаратының құрылысы жалғасуда. Сондай-ақ, келесі жылы спорт колледжі жатақханасының құрылысы басталды. Ол келесі жылы бітеді.

Александр Винокуров спорт сарайындағы мұз айдынына биыл біраз өзгеріс енгізілмек. Мысалы, жанкүйерлер отыратын жердегі VIP орындар алынып тасталған екен. Осылайша, сыйымдылық 120 орынға артқан.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Біз айдынның қарама-қарсы бетін кеңейтуді жоспарладық. Жоба мен қаржы дайын. Бірақ, пандемияның кесірінен іс кейінге қалдырылды. Алдағы уақытта арғы бетте жанкүйерлер орны, спортшылар үшін киім ауыстыратын жер, жуынатын бөлме мен тренажерлер болады.

Құмар Ақсақалов кішкентай хоккейшілермен де жүздесті. Аймақ басшысы балаларға спортта табанды болу қажеттігін айтып, сәттілік тіледі.

Қазіргі күні облысымызда 179 мыңнан астам адам спортпен айналысады. Яғни, өңір тұрғындарының 33,2 пайызы салауатты өмір салтын ұстанады. Айта кетейік, биылдан бастап елімізде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру механизмі» жүзеге асырылуда. Оның аясында 4 пен 18 жас аралығындағы ұл-қыздар тегін спорт үйірмелеріне қатысуға мүмкіндік алады.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

Өңірде айына 5 млн дана кірпіш өндірілмек
Өңірде құс тұмауына қатысты жағдай тұрақталуда
Дайындық ауылы – «Үздік 30 ауылдың» қатарында
Тәртіп сақшыларына жаңа қызметтік көліктер тапсырылды
Мемлекеттік мекемелер мүгедектер үшін қаншалықты қолжетімді?
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі ауысты
Өңірде орақ науқаны аяқталуға жақын
Бескөлде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
Петропавлда сенбінің таңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
СҚО-да санақ науқанының қарқыны баяу
Жергілікті әуежайдың жұмысы қайта жанданды