Қоғам

Қашықтықтан жұмыс істеуге ниетті жандардың саны артуда

Қашықтықтан жұмыс істеуге ниетті жандардың саны артуда. Мұндай ақпаратты Қазақстанның HeadHunter компаниясы жариялады. Осы жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша компания базасында 3 млн-нан астам жұмыс ізденушінің түйіндемесі бар. Ал оларға қарастырылған бос жұмыс орындарының саны 32 мыңнан асып жығылады екен. Өткен жылдың сәйкес мерзіменен салыстырғанда бұл 44% – ға көп. Сондай-ақ, ағымдағы жылы қашықтықтан жұмыс істеуге ниет білдірген жандардың да саны артқан. Былтырғы жылмен салыстырғанда көрсетіш 4,5 есеге өсіпті. Бұдан нарық тенденциясы және эпидемиологиялық жағдай қашықтықтан жұмыс істеуге ниетті жандар тізімін арттыруда деген қорытынды жасауға болады.

Алдияр Айтпаев