Бизнес және экономика

Зейнетақы активтері қалпына келе бастады

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері биылғы шілдеде 42 млрд теңгеге немесе 0,3 пайызға ұлғайып, 12,8 трлн теңгегені құрады. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық Банктің төрағасы мәлімдеді.
Ерболат Досаевтың баяндамасына сүйенсек, елімізде азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу қарқыны 5,3 есеге бәсеңдеген. Дейтұрғанмен, 31-ші шілдеге дейін тұрғындардан 400 мыңнан аса өтініш түсіп, қордан 1 млрд 685 млн теңге аударылыпты. Тұрғындар бағытталған қаржының 98,2 пайызын тұрғын үй жағдайларынын жақсарту үшін пайдаланған екен.

Бердимурат Баймухан