Мәдениет

Өңірге іс-сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты келді

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова ең алдымен СҚО тарихи-өлкетану музейін аралады. Халық қалаулысы іс сапарын дәл осы ғимараттан бастауының өз себеб бар көрінеді. 13 бөлімнен тұратын нысан ішінде өңіріміздің бай тарихы жайлы біраз мәлімет сақталған. 350 мыңнан астам құнды жәдігер де бар.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

– «Ұлы даланың 7 қыры» деп аталатын мақалада көрсетілген тарихи жәдігерлер мен мұралардың осында сақталатындығы қуантады.

Жұлдыз Сүлейменова Оқушылар сарайына да соқты. Мұнда 100-ге жуық үйірме жұмыс істеп тұр. Әр кабинет заман талабына сай етіп жабдықталған. Білім алып, жаңа дүние үйренгісі келетін жастардың барлығы осында ағылады. Халық қалаулысын қызықтыратын сұрақ біреу ғана. Ұзтаздар мен оқушыларды қандай мәселе толғандырады?

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

– Нұр Отан партиясының сайлау алды бағдарламасында “Жол картасы” бар. Соған сәйкес өңірде білім мен ғылымның дамуын бақылап жүрміз. Қандай қиындықтар мен кедергілер бар? Соларды талқылаймыз.

Оқушылар сарайында айтарлықтай ауқымды мәселелер жоқ екен. Құрал-жабдық та, балалар саны да жеткізілікті. Енді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты қалада жаңадан ашылған 3 қазақ мектебін аралап, жұмысымен танысуды жоспарлап отыр.

Маржан Касымбек