Өңірге елордадан діни ақпараттық түсіндіру тобы келді

Қоғам

22:19 12 Тамыз 2021

Республикалық деңгейдегі дін мамандары өңірлерді жыл сайын аралайды. Аймақтарда ақпараттық түсіндіру тобы сала өкілдерімен, халықпен, радикалды идеологияны ұстанатын азаматтармен жеке және топтық жұмыстар жүргізеді. Басты мақсат – тұрғындардың діни және дінтанулық сауаттылықты арттырып, діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу, қоғамда біртүсінікті орта қалыптастыру.

Толғанай Мұстафина, «Қоғамдық процесстерді зерттеу және талдау орталығы» ҚҚ жетекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы:

– Заманның күнделікті өзгерістеріне және ақпараттық қоғамның ерекшеліктеріне сәйкес, жұмыс істеу тәсілдері күнделікті өзгеріп отырады. Жаңа мәселелер туындап жатады. Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы келгенде өңірлік мамандармен тәжірибе алмасып, оларға жаңа әдістемелік кеңестерді ұсынады.

Солтүстік Қазақстан облысында діни ахуал тұрақты дейді елордалық мамандар. Басқа өңірлерге қарағанда аққайыңдар өлкесінде тұрғындарды ақпараттық қамту ісі де жүйеленген. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра беру қажет. Себебі, жұртшылық арасына кез-келген сәтте теріс идеологиядағы мәлімет тарап, адамдардың ой-санасын улауы мүмкін.

Толғанай Мұстафина, «Қоғамдық процесстерді зерттеу және талдау орталығы» ҚҚ жетекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы:

– Қазіргі кезде діни ахуалдың қалыптылығына байланысты мұндай жұмыстардың қажеттілігі аз екені туралы мәселелер көтеріліп жатады. Елімізді діни қаупі бар жағдайлар орын алмағанымен, радикалды идеологиялардың жұмысы латентті фазада жүріп жатыр. Көбінесе ол әртүрлі әлеуметтік, экономикалық мәселелердің астарында жүріп жатқанын біз ескеруіміз керек. Сондықтан, дін саласындағы ақпараттандыру жұмысы күн тәртібінен түспеуі тиіс.

Елордадан келген ақпараттық түсіндіру тобы өңірімізде 2 күн болады. Ертең мамандар Новоишимка ауылындағы тұрғындармен жүздеспекші. Сонымен қатар, қаламыздағы түзету мекемесінің біріне барып, жазасын өтеп жатқан жандармен кездеседі.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

Тайынша ауданы санақ рейтингісінде 5-ші орында тұр
Болат Қожахметов 75 жасқа толды
Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 4 адам «Nur Otan» партиясынан шығарылған
Сергеевкаға сән кірді
Өңірдің жаңа бас имамы тағайындалды
Тұңғыш Президент саябағында 30 түп шырша отырғызылды
Биыл Есіл ауданындағы Петровка ауылына 14 жанұя қоныс аударған
Тайынша ауданындағы Чкалово ауылында 7 көше жөндеу көрді
Халық санағынан 300 мың солтүстікқазақстандық өтті
СҚО-да «Ashyq» жобасы арқылы ереже бұзған 66 тұрғынға айыппұл салынған
Аналарға арналып тегін бет әрлеу курстары өткізілуде
Мектеп асханаларындағы тамақтың сапасы сын көтере ме?