COVID-19: Қазақстан

ҚМДБ вакцинаға рұқсат берген

Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын тап. Қазіргі күні қоғам арасында “діни көзқарасым қайшы” деп вакцина алудан бас тартқан азаматтар кездеседі. Дін саласының мамандары мұндай әрекетті құптамаймыз дейді. Себебі, олар өздерінен, бөлек басқа адамдардың да өмірін қатерге тігіп отыр. Қалалық “Нұр” мешітінің бас имамы Азамат Сәрсеновтың айтуынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы екпе алуға рұқсат берген. Осы орайда, дін мамандары тұрғындарға дәрігерлермен таласпай, ақ халатты жандардың ақылына құлақ асқандары жөн дейді.

Азамат Сәрсенов, Петропавл қалалық “Нұр” мешітінің бас имамы:

– Жалпы Пайғамбарымыздің (с.ғ.с) өзі де адамдарға емделіңдер деп айтқан. Өйткені Құдай қандай да бір ауруды жаратса, оның шипасын да береді. Қазіргі қоғам арасында тараған қауіпті індет медицина саласына жатқандықтан, одан емделу мен күресудің жолын дәрігерлерден артық ешкім білмейді.

Бердимурат Баймухан