COVID-19: Қазақстан

Маска тағу режимін қатаң сақтау керек

Бүгінде 4,5 миллион қазақстандық толық иммундау шарасынан өтті. Тағы 1,5 миллионға жуық адам екінші компонентті күтуде. Бірақ, көрсеткіш әлі де көңіл көншітпейді дейді үкімет басшысы Асқар Мамин. Премьер-Министр вакцинацияға қарқын қосу қажеттігін қадап айтты.

Әсіресе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау мен Атырау облыстарына екпе егу науқанын белсенді түрде жүргізу қажет. Күллі республика аумағында ұжымдық иммунитет қалыптаспағанша, шектеу шараларын да ұмытуға болмайды. Маска тағу режимін қатаң сақтау керек. Тиісті ережелердің еленуі үшін Асқар Мамин мониторингтік топтардың жұмысын жандандыруды және карантин талаптарын бұзушыларды жауапкершілікке тартуды тапсырды. Жиында «Ashyq» жүйесі жайлы да сөз қозғалды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі

– «Ashyq» жүйесіне қатысатын кәсіпкерлік субъектілерінің саны үнемі артып келеді. Олардың саны 5 есеге – 21 мыңнан 101 мыңға дейін өсті. Бұл бизнеске өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан «Ashyq» қосымшасының қолданылу аясын одан әрі кеңейту қажет».

Эльмира Садвокасова