Қоғам

Бақыт деңгейі бойынша еліміз – 45-ші орында

Хабарымыздың соңында мынандай статистикамен бөлісейік. Бақыт деңгейі бойынша құрылған рейтингте Қазақстан 45-ші орынға ие болды. Тізім 149 елден тұрады.

Бір жылдың ішінде республикамыз өз позициясын 5 сатыға жоғарылатқан екен. Дегенмен, ТМД мемлекеттері арасында Өзбекстан тұрғындары қазақстандықтарға қарағанда бақытты болып шықты. Қазақстаннан кейінгі орындарға Молдова, Қырғызстан, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Армения, Әзербайжан, Түркіменстан мен Украина жайғасқан. Ал әлемдегі ең бақытты елдер – Финляндия, Дания және Швейцария. Рейтингтің соңғы сатысында Ауғаныстан тұр. Айта кеткен жөн, тізім мемлекеттердің әл-ауқаты, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі, өмір сүру ұзақтығы, қауіпсіздігі, азаматтық бостандықтың болуы, сыбайлас жемқорлық деңгейі және басқа да критерилер бойынша әзірленген.

Алдияр Айтпаев