Ауыл шаруашылығы

Қостанайлық делегация өңіріміздегі ауылшаруашылық нысандарымен танысты

Ауыл шаруашылығы саласында өзара тәжірибе алмасу. Осындай мақсатпен аққайыңдар өлкесіне Қостанай облысынан делегация келді. Аудан әкімдері, агроқұрылым басшылары. 13 адамнан құралған топ өлкедегі сүт-тауарлы кешендерді аралады. Мысалы, “Қызылжар Сүт”, “Зенченко”, “Шаймерденов СҚ” серіктестіктеріне барды. Мұнда қолданылатын технологиямен кеңірек танысты. Сондай-ақ, көршілес өңірдің азаматтары егістік алқаптарындағы жағдаймен, орақ науқанының барысымен танысты.

Рүстем Елубаев, Аққайың ауданының әкімі:

– Бүгін келген құрамаға жеткен жетістіктерімізді көрсеттік. Өзара тәжірибе алмастық. Ендігі жылы бағдарлама бойынша заманауи кешен салу жоспарда бар. Бүгін келген делегация құрамына ауданның әлеуметтік жағдайын да көрсеттік.

Алтынай Казиканова