Солтүстікқазақстандық полицейлер алғысқа бөленді

Құқық қорғау органдары

21:42 9 Тамыз 2021

Солтүстікқазақстандық полицейлер алғысқа бөленді. Жақында Қостанай қаласынан келе жатқан қарағандылық 3 азаматтың машинасы біздің өңірде сынып қалған екен. Мұны патрульдік кезекте жүрген теріскейлік тәртіп сақшылары байқап қалып, көмек қолын созған. Мамандар Mercedes автокөлігін жөндеу орнына дейін сүйреп апарыпты. Темір тұлпар жөнделіп болғанша сол жерде болып, кейін жолаушыларды үйлеріне шығарып салған. Дәл осыған ұқсас оқиға тамыздың 6-сы күні Ақжар ауданында да орын алды. Мұнда Кішкенекөл ауылына бет алған азаматтың ВАЗ-2114 маркалы машинасы істен шыққан. Көкшетаулық тұрғынға да шенділер жәрдемдесті. Полицейлер күтпеген жағдайға тап болған жанның көлігін 30 шақырым жердегі туысының үйіне дейін сүйреп апарған. Өз кезектерінде жолаушылар инстаграм желісінде мамандарға алғыс білдірген.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да үздік жедел уәкіл анықталды
Өңірде жыл басынан бері 50-ге жуық көлік ұрланған
СҚО-да көші-қон қызметінің мамандары 4 мыңға жуық заңға қайшы әрекет тіркеген
“Жолда қабылдау” акциясы өтті
Өңірдің 7 полицейінің шені өсті
Қызылжар ауданында 17 жастағы жігіт граната тауып алды
СҚО-да 50-ден аса адам маскүнемдіктен емдеуге жіберілді