Көлік және жолдар

Мыңдаған қазақстандық жүргізуші куәлігінен өмір бойына айрылды

Биыл масаң күйде көлік тізгіндеген мыңдаған қазақстандық жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылған.
Тағы 10 мыңнан астам адам әкімшілік қамауға алынып, 12 мың азаматтың жүргізу құжаты уақытша алынған. 7 ай ішінде тіркелген заңбұзушылықтардың саны былтырғыға қарағанда 60 пайызға өсіпті. Сонымен қатар, Қазақстанда жолда жүру ережелерін бұзуға қатысты фактілер де жиілепті. Үстіміздегі жылдағы көрсеткіш былтырғыдан 2 есеге көп екені белгілі болып отыр. Ал, жарықтандыру құралдарын дұрыс қолданбауға қатысты жағдай – 27, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу фактілері 50 пайызға ұлғайған.

Маржан Касымбек