Білім

Балғындар мектепке дайындалуда

Мектеп, сыныптастар, сабақ. 3 аптадан соң жаңа оқу жылы басталады. Балалардың басым бөлігі алтын ұяларына келуді асыға күтіп жүр. Ал биыл бірінші сынып оқушысы атанатын мына жеткіншектер дайындықтан өтуде.

Рамиля Алимова, «БЭСТ» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі:

– Балаға мектепке дейінгі уақытта берілетін білімнің маңызы зор. Мұнда ұл-қыздар жазуды үйренеді, әріп таниды, көпшілік ортада өзін қалай дұрыс ұстау керектігін ұғынады. Егер бала осыларды білмесе, жаңа оқу жылында тиісті бағдарламаға бейімделіп кетуі қиынға соғады. Сондықтан, алдын ала дайындық сабақтарынан өткен жөн. Әр сабақ 30 минутқа созылады.

Әріп оқу, сан жазу және ағылшын сөздерін жаттау. Балалар мұнда осыған дейін білмегендерін небәрі 2 апта ішінде меңгеріп шықпақ. Сабақ таңғы 9-да басталады. Мамандар күніне 3 пән бойынша білім береді. Жеткіншектердің оқуға, үйренуғе деген құлшыныстары көрініп-ақ тұр. Ұстаз берген әр тапсырмаға қызығушылық танытып, мұқият орындап жатыр.

Бүгін бізге “Букварь” кітабын сыйлады. Кейін, 0 және 1 сандарын әдемілеп жазып шықтық. Өте қызық болды. Бәрін қатесіз орындадым.

– Мен санағанды жақсы көремін. Сондықтан математика пәнін үйренгім келеді.

Биыл қаладағы «БЭСТ» гимназиясы 100-ден астам бірінші сынып оқушысын қабылдамақ. Бүгінде оның 30-ға жуығы мектепке дейінгі дайындықтан өтіп жатыр.

Ольга Ломзова, «БЭСТ» гимназиясы директорының міндетін атқарушысы:

– Білім алушыларға арнап мектепте 4 сынып әзірленген. Шәкірттерге 4 мұғалім сабақ беруде. Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін жіті бақылауға алғанбыз. Оқу ұясына бөгде жандардың кіруіне тыйым салынған. Әр сағат сайын дезинфекциялық шаралар жүргізіліп турады.

Облыс бойынша дәл осындай 306 мектеп әзірленген. Оларда 2800-ге жуық бала алдын ала әзірліктен өтіп жатыр.

Маржан Касымбек