Қылмыс

Абайлаңыз, педофил!

Жаға ұстатарлық жағдай! Қалада педофилдер жүр. Петропавлда 2 күнде 2 бірдей қызға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық қылмысы жасалды.

Педофилдердің құрбаны болған жеткіншектер – 9 және 13 жаста. Полиция департаментінен жолданған ақпарға сүйенсек, арам пиғылды күдіктілердің бірі 3-ші тамызда қолға түскен. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Тергеу амалдары басталып кетті. Белгілі болғандай, қала тұрғыны бұған дейін осындай айуандық іске барып, жазасын өтеген. Екінші айуан да кеше кешкісін полицейлердің қолына түсті.

Петр Климов, СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы:

– Бұл күдіктілерге қатысты 121 баптың 4-ші бөлігі бойынша іс қозғалды. Олар 20 жылға немесе өмір бақи бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұр ретте ата-аналар өз балаларыменен жиі әңгімелесіп, қауіптің алдын алулары қажет. Сондай-ақ олардың қайда және кіммен жүргендерін қадағалап отырған жөн.

Алдияр Айтпаев