Құқық қорғау органдары

Қоғамдық тыныштықты бұзғандарға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады

Үйдегі жөндеу жұмыстары және отбасылық жанжал. Осы және өзге де іс-әрекеттер қоғамдық тыныштықты бұзуға әкеп соқтырады. Полиция департаменті ұсынған мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері облыста 1700-ден астам қоғамдық тыныштықты бұзу фактісі тіркелген. Оның 1500-ге жуығы облыс орталығында орын алған. Тиісті ережені елемегендерге 5 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылғанын еске салайық. Бұл ретте қоғамдық тәртіптің қай уақытта бұзылатындығын айта кету қажет. Тұрғындар жұмыс күндері кешкі сағат 10 мен таңғы 9-дың, ал демалыс күндері 11 мен 10-ның аралығында тыныштық сақтаулары тиіс.

Алдияр Айтпаев