Бизнес және экономика

Қазақстандағы жылдық инфляция 8,4% құрады

Қазақстандағы жылдық инфляция шілде айының қорытындысы бойынша 8,4% құрады. Бұл, әсіресе, азық-түлік бағасынан байқалады, ол бақандай 11 пайызға өскен. Мәселен, қырыққабат – 12,5, қызылша – 9, пияз – 8, сұйық май – 4 процентке қымбаттады. Десе де маусымдық көкеністер бойынша төмендеу де бар. Картоп – 20, қызанақ – 15, қияр – 12, сарымсақ – 7 процентке арзандаған. Ал, азық-түлік емес тауарлардың құнына – 7, тұрғындарға көрсетілетін қызмет түрлеріне 6 процент қосылыпты. Темекі өнімдерінің бағасы болса – 4, алкоголь 1 процентке өскен. Ұшақ билеттері де 10 пайызға шарықтап, такси қызметі 1,2 пайызға ұлғайды. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бойынша тарифтердің көтерілуі байқалады. Атап айтсақ, электр энергиясы – 5, су құны 1 пайызға артқан.

Эльмира Садвокасова