Спорт

“Qyzyljar” ФК шымкенттік “Ordabasy”-ны жеңді

Жергілікті аяқдоп шеберлері жеңіске жетті. Кеше “Qyzyljar” шымкенттік “Ordabasy”-ға қарсы ойын өткізді. Сырт алаңда ұйымдастырылған матч тартысты болды. Қарсыластар кездесу басталысымен-ақ бір-бірінің қақпасына толассыз шабуылдады. Алайда, футболшылардың әрекеттерінен түк шықпады. Есеп тек 75-ші минутта ашылды. Қызылжарлық Юрий Бушман айып добын сәтті орындап, өз командасына жеңіс сыйлады. Матч 1-0 нәтижесімен аяқталды. Солтүстікқазақстандық құрама Қазақстан кубогы аясында 4 ойын өткізіп, қазір өз тобында 2-ші орында тұр. Аяқдоп шеберлерінің келесі кездесуі тамыздың 7-сі күні Нұр-Сұлтан қаласында СДЮСШОР командасына қарсы болады.

Эльмира Садвокасова