Көлік және жолдар

Пестрое көлі маңында жол-көлік апаты орын алды

29-шы шілде күні де сағат кешкі 8-дер шамасында Пестрое көлі маңында жол-көлік апаты орын алды.
ISUZU автокөлігінің жүргізушісі Жас Өркен ықшам ауданының кіреберісінде Ауди маркалы көлікті соққан Салдарынан, жеңіл машинадағы 5 жолаушы да зардап шекті. Олардың үшеуі – бала. Біреуі – биыл ғана туған. Темір тұлпардағы жандардың барлығына медициналық көмек көрсетіліпті. 86-жылғы жүргізуші мен 64 жастағы жолаушы аурухана жатқызылған.

Алмас Еркешев, қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының аға инспекторы:

– Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, ISUZU жүргізушісінің мас болмағаны анықталды. ISUZU көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды. Аталған факті бойынша материал қалалық ПБ әкімшілік полиция бөліміне жіберілді. Материал сотқа жіберіледі.

Алтынай Казиканова