Спорт

Мұрат Тұрманбетов кәсіпқой бокстағы 3-ші жеңісіне қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, Олимпиада ойындарына солтүстікқазақстаннан 4 спортшы аттанған болатын.
Қазіргі таңда олардың үшеуі Токиодағы жорығын жүлдесіз аяқтады. Тек Артем Захаров қана өнер көрсеткен жоқ. Теріскейлік велошабандоз 5-ші тамыз күні бақ пен бап таластырмақ. Осы ретте тағы бір жерлесіміздің жетістігіне тоқтала кетсек. Өткен жұмада былғары қолғап шебері Мұрат Тұрманбетов кәсіпқой бокстағы 3-ші жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы солтүстікқазақстандық саңлақ шымкенттік Ұлан Бидайбектен басым түсті. Бұл кездесудің тағдыры 1-ші раунда-ақ шешілді. Дәлірек айтсақ, Мұрат өзінің қарсыласына ауыр соққы дарытып, сұлатып салды.

Алдияр Айтпаев