МТРА жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев Аризона университетінің делегациясымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Аризона университетінің делегациясымен кездесті. Бейнебайланыс режимінде өткен жиында америкалық және отандық жоғары оқу орындары арасындағы стратегиялық серіктестік, ғылыми және академиялық даму мәселелері талқыланды. Ел Президенті Аризона университетінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық серіктесі болу, сондай-ақ, білім беру сапасын бірлесе арттыру жөніндегі бастамасына қолдау білдірді. Америкалық жоғары оқу орнымен ынтымақтастық аясында өңірлік университеттер базасында халықаралық стандарттарға сай бірлескен білім бағдарламалары әзірленбек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Кейінгі жиырма жыл ішінде еліміз жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жандандырды. Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қатынастар көптеген саланы қамтиды. Әсіресе, ғылыми зерттеу және студенттер мен оқытушылар алмасу салаларындағы ықпалдастық маңызды саналады.

Эльмира Садвокасова