Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары адам саудасының алдын алу мақсатында акция өткізді

Тәртіп сақшылары адам саудасының алдын алу мақсатында акция өткізуде. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері «Әйелдерді қорғау орталығы»-ның өкілдерімен бірлесе қоғамдық орындарды аралап, арам ниетті біреудің құлдығына түспеудің жолдарын түсіндірді. Тақырыптық буклеттер таратып, сенім телефоны туралы айтқан. Қауіп төнген жағдайда «116-16» нөміріне хабарласу қажет делінді. 30 шілде – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні. Тәжірибе көрсеткендей, арам пиғылдағы жандар Интернет мүмкіндігін жиі пайдаланатын көрінеді, әсіресе, қазіргі пандемия жағдайында. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметі бойынша әлемде жыл сайын 25 млн-нан астам жан адам саудасының құрбанына айналады.

Азамат Құсайынов, СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары:

– Облыстық полиция департаменті Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және “Әйелдерді қолдау орталығы” қызметтік емес ұйымдарымен бірлесіп осы күндері адам саудасы проблемаларын насихаттау бойынша ақпраттық науқан өткізуді ұйымдастырды. Халықтың бос уақытын өткізу орындарында “116-16” сенім телефонының нөмірі көрсетілген және көк жүрек символы бейнеленген ақпараттық буклеттер тарату үндеулерінің парақшалары таратылды.

Данаш Хамзина