ТЖ

“Семейный” сауда үйінен өрт шықты

Петропавла бүтін бір сауда үйі күйіп кете жаздады. Кеше кешкі 8 кезінде «Семейный» гипермаркетінен өрт шықты. Құтқарушылар Мұқанов көшесінде орналасқан нысанға 4 минутта жеткен. Отты ауыздықтауға 35 маман мен 10 техника жұмылдырылды. 45 шаршы метр жерді шарпыған от 1 сағаттың көлемінде сөндірілді. Анықталғандай, тілсіз жау сауда үйімен жапсарлас салынған қоймадан шыққан. Мұнда азық-түлік өнімдерінің қораптары тұрған екен. Алдын ала болжам бойынша от электр сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтанған. Қазір нақты себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Алтынай Казиканова