ТКШ

“Қызылжар су” серіктестігі өткен жартыжылдықты қорытындылады

Жыл басталғалы «Қызылжар су» серіктестігінде жұмыс қызған. Себебі, қауырт маусымға дейін барлық жоспарларды орындап, қысқа сақадай сай болу қажет. Бүгінде мамандар тозығы жеткен және апаттық жағдайда болған су және кәріз құбырларын ауыстырып жатыр. Серіктестік өз қаражатына 6 айдың ішінде жалпы ұзынды 3,2 шақырым желіні жаңартқан. Оның ішінде 2 шақырымға жуық – су құбырыы, 1 км-ден астам кәріз құбыры ауыстырылыпты. Ауқымды шаруаға 115 млн теңге жұмсалған екен.

Жеңіс Сұлтанов, “Қызылжар су” ЖШС бас директоры:

– Сондай-ақ, жыл басынан бері 1-ші және 2-ші көтергіштердің сорғы станцияларының жабдықтарына, сүзгі станциясының технологиялық құбырлары мен бекіту арматурасына жөндеу жүргізілген болатын. Ал су құбыры және кәріз желілері бойынша құдықтар, өрт гидранттары мен су тарату бағаналары ағымдағы және күрделі жөндеуден өтті. Кәріз желілері де жуып-шайылды.

Осы ретте айта кетейік, серіктестік белгілі бір жерде жөндеу жұмыстарын жүргізгеНнен кейін міндетті түрде учаскені қалыпқа келтіреді. Осылайша, жыл басынан бері кәсіпорын мамандары 1800 метр жерге асфальт төсеген. Сондай-ақ, “Қызылжар су” мамандарына үсітімздегі жылдың мамыр айында қаладағы құдықтарды жол деңгейімен бірдейлеу жұмыстарын жүргізу тапсырылыпты. Бүгінге дейін 132 люктің беті асфальтпен бір деңгейге көтеріліпті. Тағы, серіктестік қызметкерлері аулаішілік 200 құдықты қалыпқа келтірген. Жиында соңғы жылы қала тұрғындарының бас ауруына айналған жағымсыз иіс жайлы сөз болды.

Жеңіс Сұлтанов, “Қызылжар су” ЖШС бас директоры:

– Биыл ағынды суларды биологиялық тазалаудан өткізетін қондырғы сатып алмақшымыз. “Судың ғылыми-технологиялық орталығы”-мен 111 млн 256 мың теңгеге шарт жасалды. Нәтижесінде алдағы уақытта 25 млн 878 мың теңге сомасына жинақтағышты тазарту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Осылайша, жоспарлаған шаруа толығымен жүзеге асса биотоғаннан шығатын күкіртті сутегі шегінен аспайды. Яғни, далада қолқаны қабатын иістен құтылатын боламыз.

Дана Ешкенова