Спорт

Алексей Луценко олимпиадалық жекелей сында 32-ші келді

Токиода жалауын желбіреткен Олимпиада ойындарында ерлер арасында веложарыстың кезекті кезеңі аяқталды. Жекелей сында жерлесіміз Алексей Луценко 32-ші болып мәре сызығын кесті. Теріскейлік 44,2 шақырымды 1 сағат 2 минут 26 секундта еңсерді. Бұл кезеңде Словениялық спортшы топ жарған екен. Солтүстікқазақстандық саңлақ жарыс жеңімпазынан 7 минутқа қалып қойған. Айта кету қажет, бұл кезеңде Қазақстаннан жарыс жолына Алексей Луценко ғана шыққан.

Алдияр Айтпаев