Құқық қорғау органдары

Ұрланған велосипедтерді зиратқа жасырған

Ұрланған велосипедтерді зиратқа жасырған. Бұрын сотталмаған жігіттің мұндай қылығы жаға ұстатады. Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылының 34 жастағы тұрғыны 11 велосипедті қолды қылған. Ұрлыққа жұрт шырт ұйқыда жатқанда шығып отырған. Күдікті артынан ешқандай айғақ қалдырмау үшін ұрланған дүниелерді мола арасына жасырып отырған. Кейін велосипедтерді бұзып, бөлшектерін өз қажеттілігіне пайдаланыпты. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-і 188-бабының 3-бөлігі – «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Іс сотқа жолданған. Баукеспенің мүлкі тәркіленіп, 2-ден 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алтынай Казиканова