Балалар

Өңірде құрылысшы тапшы

Дариха Бердібекова – “Жастар тәжірибесі” бағдарламасы аясында еңбектеніп жатқандардың бірі. “Ten Qogam” мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығында әлеуметтік көмекші болып жұмы істейді. Тағдыр тауқыметіне ұшыраған жандармен сырласады, қажет болса психолог, заңгер мамандардың қабылдауына жазады. Орталыққа 3 апта бұрын келген Дариха күніне 10-нан аса жанға қолдау көрсетеді екен.

Дариха Бердібекова, “Ten Qogam” мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығының әлеуметтік көмекшісі:

– Мен биыл Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжін әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман ретінде бітірдім. Қалалық жұмыспен қамту орталығына бару туралы кураторым кеңес берді. Құжаттарымды жинап, орталыққа апарып, тапсырдым. 3-4 күннен соң ондағы мамандар хабарласып осы жұмысты ұсынды. Келістім. Қызметім өзіме ұнайды.

“Жастар тәжірибесі” бағдарламасы бойынша жұмысқа биыл 130 маман қабылданады деп жоспарлануда. Әзірге, олардың тек 90-ны ғана екі қолға бір күрек тапқан. Қазіргі таңда өңірде есепші, заңгер мен мұғалім мамандығы сұранысқа ие.

Гүлмира Исмаилова, қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы:

– Орталыққа жұмыс іздеп келген жас мамандар алған білімі бойынша жекеменшік және мемлекеттік мекемелерге жіберіледі. Онда олар 6 ай бойы тәжірибе жинақтайды. 72 мың теңге көлемінде жалақы төленеді. 6 айдан соң сол мекемеде тұрақты түрде жұмысқа қабылдануға мүмкіндігі бар. Әрине, басшылықтың құптауымен. Бұл бағдарламаға жасы 29-дан аспаған жастар қатыса алады.

Жалпы, биыл қалалық жұмыспен қамту орталығы жұмысқа жарамды 2800 адамға жұмыс тауып бермек. Әзірге, жоспардың 63%-ы орындалыпты. Яғни, жыл басынан бері 2 мыңға тарта жан еңбекке араласқан. Айта кету қажет, өңірде, әсіресе, құрылыс саласында кадр тапшы.

Алдияр Айтпаев