Құқық қорғау органдары

СҚО-да интернет-алаяқтық тыйылмай тұр

Облыста интернет-алаяқтық тыйылмай тұр. Соңғы уақытта біреу алданып қалыпты дегенді жиі естуге айналдық. Өңірде бір күнде бұндай 3 бірдей жағдай тіркелген. Есіл ауданының тұрғыны “банктен қоңырау” дегенге сеніп 2 млн теңгесінен қағылды. 54 жастағы нәзікжандыға біреу хабарласып, банктегі есепшотыңызға алаяқтар қол сұққалы жатыр. Ақшаңызды аман сақтап қалу үшін дереу сол қаржыны басқа есепшотқа аудару қажет депті. Содан әйел адам айтқандарын орындап болған соң банктің call-орталығына қоңырау соғады. Олар өз кезегінде бұның алаяқтың әрекеті екенін түсіндірген. Сан соғып қалған нәзікжанды полицияға жүгінген. Аталған факті ҚР ҚК 190-шы бабының 2-ші бөлігі – “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Алдияр Айтпаев