Құқық қорғау органдары

Пара алған қалалық әкімдік қызметкері жауапкершілікке тартылды

Пара алған қалалық әкімдік қызметкері жауапкершілікке тартылды. Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың сәуір айында кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мадияр Жанғудин пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Ол мемлекеттік нысанды күзететін күзет агенттігінің басшысынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша көрсетілген қызмет актілеріне қол қойғаны үшін 150 мың теңге алған. Жуырда экс-шенеунікке қатысты сот үкім шығарды. Жанғудин ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Аталған баптың негізінде пара сомасының 60 рет еселенген мөлшерінде айыппұл тағайындалыпты. Яғни, Жанғудин 9 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуі қажет. Сондай-ақ, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Нұрлан Жахин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы:

The YouTube ID of Insert video URL or ID here is invalid. – Маусымның 25-і күні бұрынғы қалалық әкімдік қызметкеріне қатысты шығарылған сот үкімі заңды түрде күшіне енді. Бармақ бастылық пен көз қыстылыққа жол берген шенеунік өзі қызмет еткен мемлекеттік органның беделіне және қоғам алдында барлық мемлекеттік қызметшілердің имиджіне нұқсан келтіреді.

Дана Ешкенова