COVID-19: Қазақстан

Карантин ережесін бұзған мейрамханалар анықталды

Бұл өткен аптада Тенгри мейрамханасында болған жайт. Қатаң карантиндік талаптарға қарамастан жерлестеріміз қыз ұзату тойын жасап, 80-ге тарта қонақ шақырған. Алайда рейдке шыққан мамандар бұл мерекенің үстінен түсті. Осылайша сауық-сайран бел ортасынан тоқтатылып, тойшыл қауым сыртқа шығарылды. Материал жинақталып, арнайы органдарға жіберілді.

Бұл рейд барысында тексерілген жалғыз тойхана емес. Бұдан бөлек той ордасына айналған “Эмират” пен “Royal Palace” мейрамханалары да мамандардың көзіне ілікті. Аталған тойханалар 50-тен астам адамды қабылдап, той жасаған.

Дастан Қазиев, Петропавл қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылыы және ветеринария бөлімінің статисті:

– Демалыс күндері қала бойынша рейд шараларын жүргіземіз. Бүгінгі іс-шара барысында 3 мейрамхананың жұмысын тоқтаттық. Бұл фактілер бойынша шешім қабылдау үшін материал жинақталды.

Демалыс күндері 4 арнайы топ ойын сауық, көңіл көтеретін орындарға да рейд жүргізген екен. Айта кету қажет, қазіргі таңда ұлан асыр той жасауға қатаң тиым салынған. Тек дәмханаладың жұмысына ғана рұқсат берілген. Онда да залдың толымдығы 30% аспауы қажет.

Алдияр Айтпаев