МТРА жаңалықтарыҚұқық қорғау органдары

93 жастағы қария алаяқтарға 300 мың теңге берген

Петропавлда 93 жастағы қария алаяқтарға алданып қалды. Бәзбіреулер кейуананың ұялы телефонына қоңырау шалып, немересін полиция қызметкерлері ұстағанын хабарлаған. Ал босатып алу үшін бақандай 5 мың доллар сұратыпты. Әбден уайымға салынған зейнеткер бар жиған-тергенін беруге келіскен. Осылайша, балконының астына келген адамға 300 мың теңгені терезеден лақтырған. Туыстарына хабарласқан қария жоқ жерде алданып қалғанын түсінеді. Аталған факті бойынша қазір жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Эльмира Садвокасова