Балалар

Қалада қос мектепке оқушы тасымалдау үшін көліктен берілді

23Алтынай Қазиқан, тілші:

– №12 орта мектепте 300-ден астам оқушы бар. Оның 60-ы 4 шақырым жердегі Кирпичный ықшам ауданынан келіп оқиды. Бұрын ата-аналарды ұл-қыздарының оқу ұясына қатынауы алаңдататын. Ендігі кезекте балалар мектепке осындай шағын автобуспен барып-келіп жүреді. Көлік 16 орындықты.

Наталья Олиниченконың 3 баласы осы мектептен түлеп ұшқан. Бүгінде немересі осындағы шағын орталыққа барып жүр. Бұған дейін нәзікжанды 4 жастағы қызды жетектеп, сонау жақтан жаяу келіп жүріпті.

Наталья Олиниченко, қала тұрғыны:

– Шағын орталыққа, әсіресе, қыста жету қиын болды. Жолды қар алып қалады. Оны тазалағанша біраз уақыт өтеді. Жол машақатын еңсеріп, енді қуанышқа кенеліп отырмыз. Балалардың мектепке жетуіне тиісті жағдай жасалып жатыр.

Жаңа көліктердің іші кең әрі жайлы. Сақтық шаралары да жіті қарастырылған. Орындықтардың барлығында бірдей тиісті қауіпсіздік белдіктері бар. Балалардың мініп-түсуі үшін мынадай ыңғайлы жылжымалы баспалдақ жасалған екен.

Азамат Теміров, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

– Мұндай газель көлігі №4 орта мектебіне де берілді. Оқу ошағында мыңға жуық ұл-қыз білім алады. Оның 30-дан астамы «Солнечный-2» ықшам ауданынан келіп оқиды. Бүгінде балаларды тасымалдау үшін тисті кесте құрылып жатыр.

1 шағын автобустың құны 12 млн теңгеден асады. Қаражат облыстық бюджеттен бөлінген.

Алтынай Казиканова