МТРА жаңалықтары

Субсидиялау мәселесі сөз етілді

Субсидиялау саласындағы өзекті мәселелер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінде өткен онлайн отырыста талқыланды.

Жиынға өңірлік ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер де қатысты. Агенттік департаменті басқармасының басшысы Талғат Сабдиновтың сөзінше, Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісін қолдауға 1 трлн теңге бөлінген. Қыруар қаражат коррупциялық тәуекел тудыруы мүмкін. Сол себепті, субсидия тағайындаудың әділдігін қамтамасыз ету мақсатында жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері еліміздің өңірлерін аралауды жоспарлап отыр.

Талғат Сабдинов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің облыстық департаменті басқармасының басшысы:

– Субсидиялау саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің бағыттары мен субсидиялау түрлері мемлекеттік қызметшілерге өз қалауы бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік беретінін көруге болады. Бұл жерден осы салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдері көп екені байқалады. Айта кетейін, әр субсидия белгілі бір мақсаттарға бөлінеді.

Алдияр Айтпаев