ТЖ

Петропавлда екі қабатты нысаннан өрт шықты

Петропавлда 2 қабатты нысаннан өрт шықты. Бұрын бұл жерде “Елім-ай” дәмханасы болған екен. Өрт туралы хабар өрт сөндірушілерге түнгі 1 кезінде келіп түскен. Мамандар оқиға орнына тез жетеді. Нысанның бірінші қабатында сауна болған екен. Екінші қабатында әкімшілік кабинеттер орналасқан көрінеді. От 500 шаршы метр жерді шарпыған. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен 4 сағат бойы арпалысады. Ғимараттың екінші қабаты мен шатыры толығымен жанып кеткен. Ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Орал Әбдірахманов, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Қызыл жалынды сөндіруге 17 техника жұмылдырылды және 87 жеке құрамнан мамандар қатысты. Сондай-ақ, өртті ауыздықтауға “Қызылжар су” серіктестігінің адамдары да ат салысты. Әзірге, материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.

Дана Ешкенова