Бизнес және экономика

Облыста 750-ден астам кәсіпорын “Ashyq” қосымшасы арқылы жұмыс жасауда

Облыста 750-ден астам кәсіпорын “Ashyq” қосымшасы арқылы жұмыс жасауда. Оның 600-ден астамы жобаның толық қатысушылары болса, қалғаны қосымшаны тестілік режимде қолдануда. “Ashyq”-ты қосуға ниет білдірген кәсіп иелерінің өтініштері 1-2 күнде қаралады.
Қаланың орталығындағы дәмханалардың бірі бұл қосымшаны 2 айдан бері пайдалануда. 9 күн ішінде аталған қоғамдық орынға мыңнан аса мейман келіп, QR-кодты сканерлеген. Осылайша, облыс бойынша “Ashyq” жобасын көп қолданған нысандардың бірі атанып отыр.

Татьяна Мищенко, кәсіпкер:

– Дәмханамызға күніне 50-ден аса адам келеді. Барлығын қосымша арқылы тексереміз. Оны мұндағы даяшылар мен қызметкерлер қадағалайды. Дәмханада жұмыс істеп жатқан жандардың барлығы екпенің қос компонентін де алған. Нысанда тиісті санитарлық талаптар жіті сақталады.

Алдияр Айтпаев