Балалар

Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жаңа туындылармен толықты

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жаңа туындылармен толықты. Жуырда ғана келіп түскен 300-ден астам кітап бүгін кішкентай оқырмандарға таныстырылды.

Кітапханаға келген ұл-қыздар бірден “Бауырсақ”, “Шалқан” ертегілері жайлы панорамалық кітаптарға қызығушылық танытып, суреттерін қарай бастады. Кітап сөрелеріне қойылған еңбектердің көпшілігі 3 пен 12 жас аралығындағы жеткіншектерге арналған. Одан ересектеріне “Абай жолы” романы мен шытырман оқиғаларға толы кітаптар жеткізілген екен.

Гүлнұр Бекіш, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының библиографы:

– Осы жолы Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына 314 кітап келіп түсті. Балалар мен жасөспірімдер кітап оқуын қолдау жылы аясында көп кітаптың кішкентай балаларға арналғандығы қуантады. 314 кітаптың 111-і – қазақша, 203-і – орыс тілінде.

Алдияр Айтпаев