СҚО-да 4 күнде 24 мас жүргізуші ұсталды

Құқық қорғау органдары

21:53 21 Шілде 2021
The YouTube ID of СҚО-да 4 күнде 24 мас жүргізуші ұсталды is invalid.

Honda маркалы көліктің рөліне отырған ер адам Жұмысшы кентінде ұсталды. Сау емес, масаңдық күйі орташа деңгей деп белгіленді. Тәртіп сақшылары қолданған амал – әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды. Негізі, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 608-ші бабы бойынша бұндай фактіге қатысты 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру қарастырылған. Зайсан ықшам ауданында да тағы бір көлік жүргізушісі масаң күйде ұсталды. 45 жастағы ер адам есірткі шегіп алған. Ол да көлік жүргізу куәлігінен айырылуы мүмкін.

Александр Авдонин, СҚО ПД ППБҚ инспекторы:

– Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, апатқа әсер ететін жол ережелерінің бұзушылықтарын ескерту мақсатында 15- шілдеден 31-шілдеге дейін «Мас жүргізуші» іс-шарасы өткізілуде Жылдамдықты асыру, көлікті мас күйде жүргізу, белдікті пайдаланбау сияқты бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар күшейтіледі.

“Мас жүргізуші” жедел-алдын алу шарасы барысында 4 күнде облыс көлемінде жол жүру ережесін бұзуға қатысты 2 мыңға жуық факті анықталған. Ұсталғандардың 20-дан астамы ішімдік ішіп алған. 200-ге жуығы жылдамдық асырған, тағы бірқатары қауіпсіздік белгісін тақпай, рөлде отырып телефонмен сөйлескен. Жол жүру ережесін бұзған 300-ге жақын жаяу жүргінші ұсталған.

Данаш Хамзина

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда көлік ұрлау фактісі тіркелді
Іздеуде жүрген борышкерлер Ресейден табылды
Қоғамдық тыныштықты бұзғандарға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады
Қылмыстық процестің үш буынды моделі
Көшедегі камералардың көмегімен 11 мыңнан астам заңбұзушылық анықталған
Алаяқтарға алданып 2 млн теңгенің несиесін рәсімдеп қойған
Петропавлда дүкенде бірнеше ұрлық жасаған ер адам ұсталды
Петропавлда қарумен көше кезген ер адам ұсталды
Тәртіп сақшылары адам саудасының алдын алу мақсатында акция өткізді
Экстремистік мазмұндағы материал таратқан петропавлдыққа айыппұл салынды
Жыл басынан бері қалада 45 велосипед ұрланған
Жергілікті полиция қатарына кадрлар қажет