Білім

Магистрлерге диплом табысталды

Үстіміздегі жылы Қозыбаев университетінен 1800-ден астам түлек түлеп ұшты. Оның 150-і қолдарына магистр дипломын алды. Айта кетейік, биыл университет бітірушілерге табысталған құжаттар былтырғыларынан әлдеқайда ерекше. Биылдан бастап Қозыбаев университетінің түлектеріне мемлекеттік емес, жеке үлгідегі диплом табыс етілуде. Құжат толығымен еуропалық стандарттарға сәйкес етіліп жасалған.

Төлен Тілеубай, әлеуметтік ғылымдар магистрі:

– Бұл университетті таңдаған себебім, еліміздің іргелі оқу орындарының бірі. Магистр дипломы арқылы болашақ армандарымды жүзеге асырамын деп ойлаймын.

Дана Ешкенова