БілімCOVID-19: Қазақстан

Екпе егу науқаны қарқын алды

25-ші орта мектепте 600-ге тарта бала білім алады. Білім ұясында 100 адам еңбек етеді. Мектеп директоры Сәуле Тұрсынова бастап қызметкерлердің барлығы коронавирусқа қарсы вакцинаның қос компонентін де қабылдаған.

Сәуле Тұрсынова, №25 орта мектебінің директоры:

– Менің денсаулығым – ол қоғамның денсаулығы. Қоғамның әр мүшесі осы вакцинаның дұрыс саясат екенін түсінсе, мына індеттен тезірек шығып, әркім 100 пайыз жұмыс істей алады деп ойлаймын. Ойымыз – осы індеттен шешу жолы осы болатын болса, қолдауымыз керек.

Қазіргі таңда облыста коронавирусқа қарсы екпенің 1-ші жартысын 175 мыңға жақын адам алған. Вакциналаудың толық курсынан өткендердің қатары 89 мыңға жуықтайды.

Бегайым Мейманова, №2 қалалық емхананың дәрігері:

– Еске сала кетейік, екпе алған адамның ағзасында коронавирусқа қарсы қорғаныш түзетін антидене пайда болады. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін тұрғындардың 60 пайызы вакциналануы тиіс.

Тарихтың өзі көрсеткендей, адамзат баласы талай эпидемияны вакцинаның көмегімен жеңді. Бұл жолғы дерттің де жалғыз емі екпе екенін ескерген абзал.

Данаш Хамзина