Аптадағы маңызды жаңалықтар

Аққайың ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Сағат таңғы 8, далада жауын жауып тұр. Соған қарамастан аққайыңдық ағайын орталық алаңға жапа-тармағай жиналуда. Өйткені, әр жұма күні мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Владислав Каптюк елді мекенге Көктерек ауылынан сағат 7 болмай келіп алған. Азамат жәмеңкеге 200 келі сиыр етін әкеліпті. 1 жарым сағаттың ішінде тұрғындар өнімнің 110 келісін сатып алған.

Владислав Каптюк, Көктерек ауылының тұрғыны, Аққайың ауданы:

– Ата-анам бала кезімнен мал шаруашылығымен айналысып келеді. Бұл істі қазір мен жалғастырудамын. Жәрмеңкеге 7 жыл бойы шығып жүрміз. Иелігімізде 7 бас қара мал бар. Оның жем-шөбін өзіміз дайындаймыз. Кейін үйде ірі қараны сойып, жәрмеңкеге шығарып сатамыз. Еттің бір келісі 2 мың теңге тұрады.

Еттен бөлек, бұл жерден жеміс-жидек, көкөніс пен сүт өнімдерін де кездестіруге болады. 70 жастағы Данипраз Шуканова 4 келі ірімшік, осынша литр қаймақ пен жұмыртқа әкелген. Шамалы уақыттың ішінде келушілер бәрін бөлісіп алып кетіпті. Тек сүт пен кішкене ірімшік қана қалған.

Данипраз Шуканова, Трудовое ауылының тұрғыны, Аққайың ауданы:

– Ірімшікті 600-ден, сүтті 400-ден, жұмыртқаны да 400 теңгеден саттым. Ал, қаймақ 750-ден. Майдың бағасы – 3500. Өзімнің сиырымның сүті, қаймағы, ірімшігі.

Жүре берсең, іздегеніңнің бәрін табуға болады. Мұндай қайнаған жәрмеңке аудан тұрғындарының да көңілдерінен шығуда. Айтуларынша, дүкен-дүкенді аралаудың қажеті жоқ, осыннан-ақ керегіңді арзан бағаға сатып ала аласың.

 Жұма қасиетті күні үйден аяңдап шығамын да сүтімді, қаймағымды, майымды 1 жұмаға жететіндей сатып аламын. Сатушыларға рахмет. Бәрі көңілімнен шығады. Алаңға шығып біраз бой жазып қаламын.

– Жәрмеңкедегі бағалар дүкендерге қарағанда әлдеқайда төмен. Бүгін үйге сүт өнімдерін сатып алдым. Барлығы – пайдалы әрі табиғи таза өнімдер.

Смирновода әр апта сайын өткізілетін жәрмеңке бүгін ерекше. Өйткені, мұнда азық-түлікпен қоса малға жем-шөп пен отын да сатылымға қойылған.

Рүстем Елубаев, Аққайың ауданының әкімі:

The YouTube ID of Insert video URL or ID here is invalid. – 15 мыңнан 60 тонна шөп әкелінді. 3 машина жем бар. 190 теңгеден картоп пен 180 теңгеден маркоп та сатып жатырмыз. Оның үстіне кубы 6 мың теңге болатын ағаш сатылымда бар. Жарылғаны – 7500 теңге.

– Мынадай қуаңшылық жылы жеп-шөп тапшы. Бүгін зейнеткерлерге көп көмек тиіп қалды. Өзім шөп алайын деп тұрмын. Бағасы қолжетімді.

–  Тұрғындардың бәрі қуанып қалды. Өйткені, сатылымда бидай да бар. Алысқа барып, әуре болудың қажеті жоқ. Ең бастысы – бағалары тиімді.

Дәстүрлі жәрмеңкеге Аққайыңдағы 12 ауылдың адамдары белсене ат салысты. Енді әрдайым орталық алаңдағы саудада ауыл шаруашылығына қажетті өнімдер сатылып отырады.

Алтынай Казиканова