МТРА жаңалықтары

СҚО-да бір күнде екі жазатайым оқиға болды

Ажал айтып келмейді. Облыста бір күннің ішінде екі жазатайым оқиға болды. 10-шы шілде күні Есіл ауданында 60 жастағы ер адам аттан құлап мерт болды. Екінші жайт дәл осы күні Ақжар ауданында тіркелді. 67 жастағы балықшыға табыннан бөлініп кеткен симментал бұқасы шабуыл жасаған.

Жаралы жатқан балықшыны бақташы кейін бірақ байқаған. Алған жарақаттарының салдарынан ер адам аудандық ауруханада көз жұмды. Табынды бір сәтке қараусыз қалдырған малшы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексі 408-ші бабының 2-ші бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Аталған бап бойынша облыста жыл басынан бері мыңнан астам хаттама толтырылған.

Алдияр Айтпаев