ТКШ

Петропавлда жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр

Петропавлда жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр. Облыс орталығында мыңнан астам көпқабатты үй бар екенін еске сала кетейік. Бүгінде 150-ден астам үйге қысқа дайын екендігін растайтын тиісті құжат берілген. Мамандар жылыту маусымына қазірден бастап қамдану қажеттігін қаперге салады.

Өйткені, өткен жылы 170-ке жуық баспананың жылу құбырлары жуылып-шайылмағандықтан қар түскенде пәтер іші суық болған екен. Содан тұрғындар қалалық әкімдікке осы жөнінде шағымданып арыз жазған. Бұндай жағдайдың қайталанбасы үшін тиісті жұмыстарды тамыз айының соңына дейін тындыру қажет. Жылу ауа райына байланысты қыркүйектің соңында немесе қазан айының басында берілуі мүмкін.

Аслан Ілиясов, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

– Бүгінгі таңда 162 үй қысқа дайын. Қала бойынша 10 кәсіпорын жылыту маусымына дайындалуға септесе алады. Тұрғындарды қысқа қазірден бастап дайындалуға шақырамыз.

Дана Ешкенова