Петропавлда микроөсімдік өсіру технологиясы оқытылуда

Қоғам, Экология

22:35 15 Шілде 2021

Қала тұрғыны Анаргүл Баймолдина – көпбалалы ана. Нәзікжанды ұл-қыздарының тамақтануына аса мән береді. Отбасы мүшелерінің денсаулығын сақтау үшін асқа түрлі дәрумен қосамын дейді. Айтуынша, микроөсімдіктер – нағыз табиғи әрі пайдалы өнім.

Анаргүл Баймолдина, қала тұрғыны:

– Мен өзім үйде микроөсімдік өсіремін. Бірақ, ойдағыдай боп шықпайды. Жаңа курс барысында осыны сұрап білдім. Үйдегі жағдайда өспей жатып зең басып кетеді. Оқыту курстары бұл істің құпиясын ашты. Біраз дүние білдім. Енді соны үйге барып пайдаланып көремін.

Микроөсімдік – көкөніс пен шөптің өскіндері. Оны күнделікті тағам әзірлеу барысында қолдану адамның иммунитетін нығайтады, ағзаны тазалап, түрлі дәруменмен қанықтырады. Бұл берекелі өсімдікті үй жағдайында, тіпті, терезенің жақтауында өсіруге болады.

Қайыржан Айсин, «Green help» ҚБ жетекшісі:

– Бұл істі үй жағдайында қалай қолға алуға болады? Біз тұрғындарға микроөсімдік өсіруді тегін үйретіп жатырмыз. Негізі, курстар экологиялық өнім тұтынатын және осы істі кәсіпке айналдырғысы келетін жандарға арналған. Бұл өскіндерді үйде өсіріп, кейін дәмхана, мейрамханаларға сатуға болады.

Курсты ұйымдастырушылар бұндай дәрістердің пайдасының мол екенін атап өтті. Нәтижесінде дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатары көбейеді дейді.

– Мен бұрындары бұл іспен айналысып көргем. Университетте оқығанда біраз тәжірибе де жасадық. Алайда, кейбір әдіс-тәсілдерді жаңа ғана біліп отырмын.

– Өткізілген курс өте пайдалы болды. Жетекшіні ұйып тыңдадық. Көп ақпарат пен білімнің негізінде микроөсімдік егіп, жұмыс істейтін боламыз.

Курс жиынтығының ұзақтығы алты айды құрайды. Осы аралықта 300-ден астам адам тәлім алуы тиіс.

Алтынай Казиканова

Бұдан әрі оқыңыз

“Есіл су” филиалында еңбек еткен ардагерлерге құрмет
Қалада таза бейсенбілік өтті
Биыл 180-нен астам егде жастағы жан жұмыспен қамтылмақ
«Самұрық-Қазына» қорының өкілдері Петропавлға келді
Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы бастау алды
ҚР ҰҰ академиясының 175 курсанты әскери ант берді
Бұқараның базынасы тыңдалды
Аққайыңдықтарға әлеуметтік кодекстің мүмкіндіктері түсіндірілді
Солтүстікқазақстандықтар биыл 65,3 млрд теңгеге ипотекалық несие алған
Аманаттықтар дәріханаларды тексерді
«Tomiris» әйелдер көшбасшылығын арттыру жобасы қолға алынды
Қиялы ауылдық округіне жаңа әкім сайланды