COVID-19: Қазақстан

Елімізде міндетті вакцинацияның мерзімі белгілі болды

Елімізде міндетті иммундау шарасының мерзіміне өзгеріс енгізілді. Бұл туралы бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов жаңа қаулысында мәлімдеді. Яғни, мемлекеттік және медицина қызметкерлері, кәсіпкерлер мен қоғамдық орындарда, қызмет көрсету орталығында жұмыс істейтін жандар екпенің бірінші компонентін 10-шы тамызға дейін салдырулары керек.

Ал толық кезеңнен 1-ші қыркүйекке дейін өтуі қажет. Сонымен қатар, ағымдағы 3 ай ішінде тәж вирусымен ауырып шыққандар екпеден босатылады. Айта кеткен жөн, бүгінге дейін 2 млн 600 мыңға жуық қазақстандық иммундаудың толық кезеңінен өткен. 4 млн 700 мыңнан астамы, әзірге, бірінші компонентін алыпты. Елімізде бір күнде 5 300-ден астам адам инфекция жұқтырған. Облыста кеше 86 науқас тіркелді.

Алтынай Казиканова