Құқық қорғау органдары

Алаяқтарға алданып 2 млн теңгенің несиесін рәсімдеп қойған

Алаяқтарға алданып 2 млн теңгенің несиесін рәсімдеп қойған. Қулығына құрық бойламайтындар 66 жастағы зейнеткерге банктен хабарласып тұрмыз деп оның атына біреу ірі көлемде несие алғанын айтқан. Келісім шарттың күшін жою үшін айтқанымызды орындау қажет деп сендірген.

Әйел адам ұялы телефонына интернет-банкинг қосымшасын жүктеп, 2 млн теңгеге жуық қарыз рәсімдеген. Зейнеткердің әбден сеніміне кірген қулар одан банк карточкасының артындағы 3 санды да біліп алыпты. Содан ішіндегі ақшаның бәрін сыпырып алған. Алаяқтар іздестіріліп жатыр.

Алдияр Айтпаев