Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Петропавлда дүкенде бірнеше ұрлық жасаған ер адам ұсталды

Петропавлда дүкенде бірнеше ұрлық жасаған ер адам ұсталды.30 жастағы жігіт тұрмыстық техника сатылатын танымал дүкеннен бірнеше қатты дискіні қолды еткен. Онымен қоймай, тағы құлаққапты да қалтаға басқан. Жалпы сомасы – 280 мың теңгенің дүниесі ұрланған.

Қолының жымысқысы бар жігіт бейнебақылау камерасының көмегімен анықталған. Бұрын ұрлық үшін жауапкершілікке тартылған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-ші бабы – “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған заттардың жартысы ломбардтан табылған. Қалғаны іздестіріліп жатыр.

Данаш Хамзина