Құқық қорғау органдары

Көшедегі камералардың көмегімен 11 мыңнан астам заңбұзушылық анықталған

Заңға қайшы әрекет байқаған тұрғындар оны суретке немесе видеоға түсіріп алып, «102» мобильді қосымшасына да жолдайды. Бұл жүйеге бүгінге дейін 170-ке жуық материал түскен. Басым бөлігі бойынша айыпты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. 2 жағдай сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

Жедел-басқару орталығына күніне 130-ға жуық қоңырау келіп түседі. Ал 6 ай ішінде мамандар 80 мың арыз-шағым қабылдаған.

Алена Ткаченко, СҚО ПД штабының аға инспекторы:

– Қаладағы бейнебақылау камераларының көмегімен 8300-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Оның 6 мыңнан астамы жолда жүру ережелерін бұзуға қатысты. Қоғамдық орында ішімдік ішу бойынша 1500-ден астам факті анықталды.

Қазіргі таңда өңірде тәулік бойы 1400-ден астам бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Оның 410-ы – облыс орталығында.

Алтынай Казиканова