COVID-19: ҚазақстанБизнес және экономика

Елімізде міндетті вакциналаудың мерзімі ұзартылады

Елімізде міндетті вакциналаудың мерзімі ұзартылады. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, 2 шілдеде бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов жаңа қаулы шығарған болатын. Оған сәйкес, халыққа қызмет көрсететін сала қызметкерлері вакцина салдыруға міндеттелді.

Ал екпеден бас тартқандар апта сайын ПТР-тест тапсыруға тиіс екені айтылды. Тізімге ХҚКО, банк, сұлулық салондары, СПА, фитнес, ойын-сауық орталықтары, супермаркет, базар, музей, кітапхана, кино мен театр қызметкерлері енді. Әйтпеген жағдайда жеке тұлғалар үшін – 14 мың, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 1 жарым млн теңге көлемінде айыппұл салынады. Алайда, Үкіметтің соңғы отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мерзім тым қысқа екенін баса айтты. Сондықтан, вакцина алуға берілетін уақыт ұзартылады.

Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:

– 19 шілдеден кейін қызмет көрсету саласында бұл мерзімді ұзартуға қатысты жаңа алгоритм белгілі болады. Кеше ведомствоаралық комиссия міндетті вакцинация мерзімін созу мәселесін қайта қарауды шешті. Мемлекеттік органдар мәселені қарастырып, қызмет көрсету саласы қызметкерлеріне байланысты ұсыныстар жасайды. 15 шілдеден кейін вакцинациялауды тексеру басталмайды.

Эльмира Садвокасова